«Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Кеңащы аулының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кенащи отдела образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Армысың, әз-Наурыз!" атты іс-шара сценарийі

20.03.2019

Тақырыбы: Армысың, әз Наурыз!
Мақсаты:
1.Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.
2.Оқушылардың ойлауын дамыта отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту.
3.Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.
 

Тұрар: 1-жүргізуші.
Бағыма көктемменен еніп едің
Іздедім шуағыңнан көңіл емін.
Бір мезгіл жоғалғаным табылғандай
Шаттанды шашуыңнан төңірегім
Көркейтсін баспасын да даланы мұң
Тербетсін табиғатты дана жырың
Қош келдің төрімізге төрлет бүгін!
Аяжан: 2-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бәріміздің көптен күткен Наурызымыз да келді!
Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл боп, аман-есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын! /бірге айтады/
 

Тұрар: 1-жүргізуші.
Алғашқы құттықтау сөз  кезегі оқу ісінің меңгерушісі Гаппасова Раушан Канашевнаға беріледі.
Уа, жараңдар, жараңдар!

Бәрің бері қараңдар,

Наурыз думан басталды,

Бір сәт зейін салайық.

Ұштасқан оймен мәңгілік

Біздерде бар сан ғұрып,

Ғасырлардан ғасырға

Келе жатқан жаңғырып.

Ару би тобының орындауында «Қазақ биі»

 

Тұрар: 1-жүргізуші.

Күттіріп келген жыл басы,

Бізбен бірге жырлашы.

Елімнің дастарханына

Береке, ырыс сыйлашы.

Ата-бабам тойлаған

Наурызымыз армысың!

 

 

 

Аяжан: 2-жүргізуші: Ал қанекей, оқушылар наурыз айына байланысты туған көнерген сөздердің мағынасын ашайық! (Дайындалған карточкаларды алып, сұрақтарға жауап береді).

         Наурызшешек – наурыз айында өсетін жапырақты, түрлі түсті гүлді, қауашақты әсем шөп. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазакстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. «Наурызшешек» «Қызыл кітапқа» енген, сирек кездесетін бағалы өсімдік. /5-сынып/

         Наурызек – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсты шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурызегім келдің бе?» деп шақырып жем шашады. Наурызекті ешкім қумайды, үркітпейді. /6-сынып/

        Наурызнама – шат-шадыман, ойын – сауық. Тойда ат жарыс, палуан күрес, басқа да спорт сайысы, айтыс, түрлі ойындар өткізіледі, көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Наурызнамада қыздар жиналып бас қосып, ұйқыашар әзірлейді. Ол ет, уыз сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз – келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны «селт еткізер» деп атайды.Бұл дәстүрлі сыйлықтағы айна пәктікпен жастықтың, тарақ әдемілік пен сұлулықтың, иіссу - бүршігін жаңа жарған жауқазындай құлпырудың, жайнай түсудің белгісі. /9-сынып/

         Бұл күні қарттарға арналып жылы – жұмсақ тағамдардан «белкөтерер»

деп аталатын дәм дайындалып таратылады.

Ал келесі сұрақты ардақты көрермендер арасындағы әжелерімізге қояйық.   Наурызкөже – Наурыз тойына тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен (сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс, т.с.с.) жасап, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурызкөженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор.

Тұрар: 1-жүргізуші.

Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз.

Жас балаша нұрланып,

Жадырасып бәріміз.

Аяжан: 2-жүргізуші:

Наурыз тойы, Наурыз тойы,
Құтты болсын ағайын.
Наурыз тойы, Наурыз тойы,
Келді біздің Жаңа жыл!

7-сынып оқушысы Темирхан Ерсұлтанның орындауында күй.

1-жүргізуші:
Құт береке, Наурыз айым келді деп,
Жер түледі, жасыл желек желбіреп,
Айналайын атамекен кең далам.
Толықсиды нұрға толып, елжіреп

2-жүргізуші:
Әр елдің салты басқа демекші, әр ауыл наурыз мерекесін өзінше тойлайды. Ендеше біздер Кеңащы ауылындағы наурыз мерекесі қалай өтіп жатыр екен. Соны тамашалайық. Бізбен бірге болыңыздар.

(Ауыл бейнесі. Ортада стол, ата, әже,немересі, келіні)
Немересі: Ата осы Наурызтөл деген не?
Ата Олжас: Балам-ау Наурызтөл дегеніміз, Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар «наурыз төлі» деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, мал-жанды қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайды, ешкімге сыйға берілмейді. Мұндай малды көбіне өз қызығына, тойына, құрбан айт күндерінде сойып, ырым етеді.
Немере: Рахмет, Ата. Келесіде біліп жүретін боламын.

Қыдыр ата келеді. Амандасады, үстелге отырады.

 

Тұрар: 1-жүргізуші.

Уа жараңдар, жараңдар!
Көңілің бар алаңдар
Ата менен анаң бар 
Үлкен кіші ағаң бар
Наурыз тойын тойлаймыз
Бәрің бері қараңдар!

Аяжан: 1-жүргізуші.

Бермен жақын тұрыңдар,

Сөзіме көңіл бұрыңдар.

Жауқазындай Наурыздың

Жарапазан жыры бар.

 

 

 

Жарапазан айтатын Анель, Айман, Айым келеді.

Анель:

Айтамыз жарапазан отбасына,

Тілейміз денсаулықты бас – басыңа.

Тілесек денсаулықты бас – басыңа,

Амандық келер әр күн отбасыңа.

Айым:

Айтамыз жарапазан ауылыңа,

Береке, бірлік берсін қауымыңа.

Береке, бірлік берсе қауымыңа,

Бас имес кімдер келіп ауылыңа

Айман:

Айтамыз жарапазан еліңізге,

Байлаңыз жақсы орамал белімізге.

Байласаң жақсы орамал белімізге,

Кетеміз мақтай - мақтай елімізге.

 

Қыдыр ата: Жарайсыңдар балаларым, өнерлерің өрге жүзсін.

Олжас Ата: Қыдыр атадан бата сұрайық

Қыдыр атаның батасы
Азамат боп ержетіңдер,
Ақылды болып ержетіңдер
Азамат болыңдар көрікті,
Ғұмырың болсын берікті
Азамат болыңдар ардақты
Мінездерің болсын салмақты
Өнерлі болыңдар жан – жақты
Осы айтқанның бәрі қабыл болып
Алла берсін сендерге зор бақты! Әумин.

 

Тұрар: 1-жүргізуші. /Көрініс 6-сынып/


Тұрар: 1-жүргізуші.  Аспанымда ақша бұлттар аунайды,
Наурыз тойы көңілімді баурайды.
Тебіренген табиғат та мәз мейрам,
Аңқылдаған қазағымнан аумайды. /Тамаша 9-сынып/

Жігіттердің орындауындағы «Қазақ осы» әнін қабыл алыңыздар.

Немересі: Ата, біздің ауыл не себепті Абылай хан ауылы деп аталады. Абылай хан деген кім, қандай адам болған?

 

Аяжан: 2-жүргізуші:
Жүріңдер Наурызға басып аяқ,
Қалыс қауым болмасын некен саяқ.
Ән шырқап, би билейтін қауым болып,
Тұрмайық, уақыт келді өнерді аяп.
Назарларыңызға 5-сыныптың орындауында  «Қазақ биін» ұсынамыз.

 

Тұрар: 1-жүргізуші. 
Жарқырасын Кеңащыдай жеріміз!
Асып-тасысын байлығымыз, кеніміз
Ел сүйсініп дәулетіне елімнің,
Малға толып жатсын барқыт беліміз!

 

Жас бүлдіршіндердің  «бата беру» өнерін тамашалайық.
 

Аяжан: 2-жүргізуші:
Тойла бүгін тауларым мен боз далам,
Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам.
Мереке боп келген бүгін Наурызым!

Береке бол ешқашанда тозбаған!

Осымен дайындаған шағын мерекелік концертіміз аяқталды. Келесі Наурызда аман сау кездесуімізге алла нәсіп етсін. Хош сау болыңыздар!

 

Просмотров: 541


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст