«Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Кеңащы аулының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кенащи отдела образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Тай атқа, ат-мұратқа жеткізер"

24.03.2019

Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді. Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды.»  Осыған орай, жау жүрек халқымыздың ата дәстүрін жандандыру және өскелең жас ұрпақтың бойында жауынгерлік рухты қалыптастыру мақсатында Ақмола облысы өңірінде жабағының жалын тартқан жас өрендердің арасында түрлі сайыстар  ұйымдастырылып келеді. Соның бірі «Тай атқа, ат-мұратқа жеткізер» атты эстафетасы. Зеренді ауданынан бастау алған эстафета біздің ауданға да жетті. Сәуле ауылында болып өткен   жабағының жалын тартқан жас бигілер додасына Кенащы орта мектебінің     6-сынып оқушысы Сакенов Ердос қатысып, 1-орынды иеленіп,  дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Просмотров: 474


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст