«Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Кеңащы аулының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кенащи отдела образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Баянғали Әлімжанов шығрамашылығына арналған буккроссинг

30.03.2019

                                              Буккроссинг

     Кенащы орта мектебіндегі кітапханасында жаңа кітаптар әлеміне саяхат жасай отырып, оқушыларды  кітап оқуға шақыру мақсатында буккроссинг (өзің оқыған кітаптарды-өзгемен бөліс) ұйымдастырылды.

Бүгін 2 сынып оқушылары Баянғали Тақанұлы Әлімжановтың жазған кітаптарымен танысты.

      Әлімжанов Баянғали Тақанұлы 1954 ж. 16 қазанда Ақмола облысы (бұрынғы Көкшетау, Біржан сал ауданыСтепняк қаласында, қарапайым еңбекшілер отбасында дүниеге келген.

Әкесі Әлімжанов Тақан (1921-1996ж) Ұлы Отан соғысының мүгедегі, соғыстың басынан аяғына дейін қатысқан. Анасы Әбішева Бәтима (1918-1988ж.). Екеуі де зейнетке шыққанға дейін кеңшарда жұмыс істеген. Б.Әлімжанов Степняк қаласындағы Абай атындағы орта мектепті 1971ж. бітіріп, 1977ж. ҚазМУ-дың қазақ филология факультетін бітірген. 1987 жылға дейін Алматы қаласында тұрған.

Сәбит Мұқановтың мұражайында ғылыми қызметкер, "Лениншіл жас", "Кітап жаршысы", "Қазақ әдебиеті" газеттерінде тілші, "Қазақфильм" киностудиясында деректі фильмдер мен хроника бөлімінің редакторы, «Балдырған», "Жұлдыз" журналдарында проза, сын бөлімдерінің редакторы болып қызмет істеген.

1987 ж. ата-анасын күту үшін туған ауданының «Кеңащы» ауылына зайыбымен (Әлия Бақышқызы Әлімжанова, 1962 т.ж., медицина қызметкері) бірге көшіп келіп, 11 жыл ауылда тұрған. Баянғали облыстық «Көкшетау правдасы» газетінің Еңбекшілдер, Уәлиханов, Щучье аудандары бойынша меншікті тілшісі, Еңбекшілдер аудандық мәдениет бөлімінде төкпе ақын болып жұмыс істеген. Ата-анасы қайтқаннан кейін, 1998 ж. Көкшетау қаласына көшіп, 2001 ж. дейін Шахмет Хұсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында сахна шебері болып қызмет атқарған.

2006 жылдан бері Паң Нұрмағамбет киностудиясының көркемдік жетекшісі. Астанада тұрады.

 

Балалары. Құралай (1973), Ақмарал (1975), Ақкенже (1980, киноактриса), Нұрлан (1984, әнші, сазгер, киноактер)

Немерелері бар.

               Әлімжанов Баянғали Тақанұлы  - ақын, драматург, жазушы, сатирик, айтыс ақыны, жыршы-жырау, манасшы, кинорежиссер, сценарийші, актер, әдебиет пен өнер зерттеушісі, сыншы, кинодокументалист, тележүргізуші, мәдениет қайраткері. Діни көзқарасы - мұсылман. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Бейбітшілік пен өркендеу». Хоббиі - жауынгерлік өнер, шахмат ойыны, сөзжұмбақтар, судоку, кітап оқу, телевизия және т.б. Сүйіп оқитын әдебиеті - прозапоэзиядраматургиякиноайтысжырлардастандар («Манас»).

           Б.Әлімжанов жиырма кітаптың және ондаған ұжымдық жинақтардың авторы. Жеке кітаптары:

1. «Қиқыматтың хикаялары». \»Жалын» баспасы, Алматы,1982ж.\

2. «Ұя». \»Жазушы» баспасы, Алматы, 1985ж.\

3. «Жынды Қаратайдың қасіреті». \Омбы, 2000ж.\

4. «Ауылдың ақ самалы» . \ «Елорда», Астана, 2003ж.\

5. «Алаш пен Манас.Қырық айтыс». \Новосибирск, 2004ж.\

6. «Әзіл шуағы».\Көкшетау, 2004ж.\

7. «Деген екен». \Новосибирск, 2005ж.\

8. «Аңыз бен аспан».\ «Қазақ тарихы» , Алматы, 2010ж.\

9. «Өмірдің өзі...» \ Фолиант, Астана, 2014ж.\

10. « Қиянатқа қарсылық» Үш томдық таңдамалы шығармалар жинағы. \1072 бет. Астана, «Фолиант» , 2014ж. \

11. «Мақалалар, сұхбаттар. Интервью, факты.» Көкшетау, «Келешек», 2014г.

12. « Қорасан қарақшының қолмергені» Поэма. Көкшетау, «Келешек» баспасы. 2014ж.

13 . «Дариға қыз» Трагедия. Көкшетау, «Келешек» , 2014ж.

14. Шексіз ғалам, мен сенің бір бөлшегің... Өлең, жырлар мен поэмалар. Шығармалары. 1-том. «Фолиант», Астана, 2015ж.

 

15. Театр терезесіндегі сәуле. Пьесалар. Шығармалары. 2-том. Фолиант, Астана. 2015ж.

16. Күлкімен көмкерілген ой. Әңгімелер мен повестер. Шығармалары, 3-том. Фолиант, Астана, 2015ж.

17. «Разрешите жить!» Повесть. Орыс тілінде. «Келешек», Көкгетау, 2015ж.

18. «Аблай хан и его батыры.» Повесть -легенда. «Фолиант», Астана, 2015ж.

19. «Ғарыш пен қазақ». Өлеңдер мен поэмалар. «Таймас», Алматы, 2015ж.

20. «Шыршадағы шытырман.» Балаларға арналған өлеңдер.

Марапаттары

·         «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2000).

·         Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2006).

·         Қырғызстан Композиторлар одағының және Мәдениет министрлігінің А. Малдыбаев атындағы Халықаралық сыйлығының жүлдегері (1995);

·         Біржан сал ауданының құрметті азаматы. \2012 ж.\

·         «Қызылорда облысына- 70 жыл медалі.» \2009 ж.\

·         Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. \1988 ж.\

·         « Мәдениеттің мықты қызметкері»- Төс белгі. Қырғызстан Мәдениет министрлігі. \ 2013 ж.\

·         22 айтыстың бас жүлдесінің иегері, олардың ішінде 2-ін жыршы ретінде алған;

·         Манастың 100-жылдығына арналған «Манасшы» халықаралық сайысының арнайы сыйлығының жүлдегері (Қырғызстан Республикасы). Қазақстандағы «Манас» дастанының жалғыз жыршысы.

Оқушылар ертегілерді қызыға оқыды.

 

 

 

 

 

 

Кенащы орта  мектебі

 

                  

                             Өткізген: Абзелова  Айсулу                

                                              Нурсултановна

 

                                           2018-2019 оқу жылы

 

26 ақпан күні Кенащы орта мектебіндегі кітапханасында жаңа кітаптар әлеміне саяхат жасай отырып, оқушыларды  кітап оқуға шақыру мақсатында буккроссинг (өзің оқыған кітаптарды-өзгемен бөліс) ұйымдастырылды.

Бүгін 2 сынып оқушылары Баянғали Тақанұлы Әлімжановтың жазған кітаптарымен танысты.Бір-бірлеріне  ертегілер,жырларын т.б қызыға оқыды.Өмірбаянымен танысты.

26 февраля в Кенащинской средней школе 2классе прошел буккроссинг  в честь нашего земляка Алимжанова Баянгали Такановича. Ученики в библиотеке  познакомились с его книгами ,с восторгом читали и гордились с писателем.

Просмотров: 642


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст