«Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Кеңащы аулының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кенащи отдела образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ ӨТІЛУІ ЖАЙЛЫ ЕСЕБІ

04.11.2019

КЕНАЩЫ ОРТА МЕКТЕБІ БОЙЫНША

«ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ ӨТІЛУІ ЖАЙЛЫ ЕСЕБІ

 

Әдеттегідей қыркүйек айының алғашқы аптасында 9 қыркүйек күні мектептің спорт алаңында «Денсаулық фестивалі -2019» аталып өтті. Денсаулық фестиваліне барлық оқушылар мен ұстаздар қауымы барлығы қатысты. Ата-аналар да  салауатты өмірді сақтау мақсатында  бұл іс-шараға үлкен жауапкершілікпен қарады.

Мектептің маңы безендіріліп, музыка ойнатылды. Фестиваль мемлекеттік әнұранмен ашылды. Салауатты өмірді насихаттау мақсатында мектеп директоры алғашқы құттықтау сөз алып, спорт пен тазалық адамның басты қажеттіліктері екенін атап өтті. Осы іс-шара аясында әр аптаның алғашқы күні өтетін саптық жиында 5-сынып оқушылары «Салауатты өмірді сақтауымыз керек!» тақырыбында оқушыларды темекі тартпауға,  зиянды заттардан аулақ болуды айтып, спортпен шұғылдану керек екенін айтып үндеу тастады.

            Денсаулық фестивалі бастауыш сыныптар арасындағы қазақтың ұлттық ойындарын көрсетуден бастады. 1-сынып оқушылары ата-аналармен біріге отырып қазақтың ұлттық ойыны «арқан тартыс» көрсетсе, 3-сынып оқушылары «Асық ату», 4-сынып оқушылары «Қазақша күрес» көрсетті.

          Келесі кезең гимнастикалық – спорттық билер көрсету болды. Мұнда 5-9 сынып оқушылары әртүрлі гимнастикалық билер көрсетіп, бой жаздырды. Гимнастикалық би кезеңінде 9-сынып оқушылары: Темірхан Аружан мен Әнесов Әнел, 9-сынып оқушысы Маратова Алуа сынды қыздарымыз белсенділік танытты.

     5-11 сыныптар арасында жүгірістен жарыс өткізілді. Соның қорытындысы бойынша ұлдар арасында I орын Аманжол Ерасыл, II орын Темирхан Ерсұлтан,  III орын Сәкенов Ердос болса, қыздар арасында I орын Маман Айтжан, II орын Әнесова Әнел, III орын Бейсенбай Хамила ие болды. Содан кейін 5-11-сынып аралығындағы ұлдар футбол, ал қыздар волейбол ойнап, жақсы көңіл күймен тарқасты.

 

Мектеп директоры:                                         Садуова Г.С.

Орындаған: Тәрбие ісі меңгерушісі Ерболат А.

Просмотров: 512


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст