Текст
11-15 қараша аралығында Кенащы орта мектебінде «Математика және информатика» апталығы өтуде. Осыған орай, информатика пәнінен қарашаның 14 күні бастауыш 3-4 сыныптар аралығында «Информатика әлеміне саяхат» атты сайыс сабақ өтті. Сайыс оқушылардың информатика пәнінен білімдерін тереңдету, пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатына бағытталған. «Таныстыру», «Бәйге», «Жұбын тап», «Тапқырлық», «Адасқан әріптер» кезеңдерінен тұратын жарыста «Монитор», «Пернетақта», «Жүйелік блок» атты үш топ өз білімдерін ортаға салды. Оқушылар сабақта белсенділіктерін танытып, жүлделі I, II және III орындарға ие болды.