Текст
1 қыркүйек-Білім күніне орай «Кеңащы а.ЖОББМ» КММ-інде «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атты тақырыпта салтанатты іс-шара өтті. Оған Кеңащы ауылдық округінің әкімі Бермағамбетов Самат Қайырбекұлы, ауыл ақсақалы Бекболатов Аманжол Қамысбайұлы мен ардагер ұстаз Маймакова Қарлығаш Қабиболлақызы қадірлі қонақ ретінде шақырылды. Іс-шараға ауыл тұрғындары, ақ жаулықты апалар мен аталар, ұстаздар мен оқушылар қатысты. Іс-шара барысында мектеп директоры, 1-сынып жетекшісі, қонақтар мектеп табалдырығын аттаған 1-сынып оқушыларына жылы лебіздерін, игі тілектерін арнады. Шараның басты рәсімі қоңырау соғу құрметі 1-сынып оқушысы Көпей Айлина мен 11-сынып оқушысы Аманжол Олжасқа бұйырды. Жаңа оқу жылы баршамызға құтты болсын.