«Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Кеңащы аулының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кенащи отдела образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2023 жылдың 28 желтоқсан күні мектеп жанындағы «Ақбота» шағын орталығында мен 0-11-сыныптар аралығында «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты жаңа жылдық іс-шарасы өтті.

29.12.2023

2023 жылдың 28 желтоқсан күні мектеп жанындағы «Ақбота» шағын орталығында мен 0-11-сыныптар аралығында  «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты жаңа жылдық іс-шарасы өтті.  

Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Соған орай, жаңа жылдық іс-шараға ата-аналар мен ауыл әкімшілігінің қызметкерлері, мұғалімдер, оқушылар қатысты.  Ертеңгілік барысында ауыл әкімі Бермағамбетов Самат Қайырбекұлы мен мектеп директоры Садуова Гульнар Серикқызы құттықтау сөз сөйлеп балаларды және қонақтарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, мол бақыт, зор денсаулық, оқуда озат болуларын тіледі және «Алтын бидай NS» ЖШС атынан 90 бүлдіршінге жаңа жылдық тәттілерге толы дорбалар сыйға тартылды.

Аяз ата мен Ақшақарды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алған бүлдіршіндер ән-жырдан шашу шашып, би билеп, өнерлерін ортаға салды.

Кішкентай бүлдіршіндер ​ әртүрлі ойыншықтар мен шамдар ілінген шыршаны айнала жүріп, мереке көркін қыздырды. Жасыл шырша жанына жиналған ертегі кейіпкерлері ғажайыпқа толы қойылымдар көрсетті.

Аяз ата мен Ақшақар Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, түрлі ойындар ұйымдастырып, көптеген сыйлықтарды және тәттілерді бүлдіршіндерге үлестірді.

Жаңа жылдық ертеңгілікке келген балақайлардың жүздері жадырап, көңілдері көтерілді, дайындалған жаңажылдық қойылым балалардың көңілінен шықты.

Просмотров: 2062


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст