БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "КЕНАЩЫ ОРТА МЕКТЕБІ" ММ
ГУ "КЕНАЩИНСКАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА" ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ РАЙОН БИРЖАН САЛ

Мы в соц.сетях

    

Список организаций

Галерея

Смотреть все>>>

Кеңащы орта мектебінде кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша атқарылған жұмыстар есебі 2019-2020 оқу жылы

06.05.2020

Кеңащы орта мектебінде кәсіби бағдар

беру жұмысы бойынша атқарылған жұмыстар есебі

2019-2020 оқу жылы

 

Жоспары:

1. Кәсіби бағдар беру жұмыстарының тиімділігі.

2. Мектептегі жүргізілетін кәсіби бағдар беру жұмыстары: мазмұны мен ынталандыру әдістері.

3. Кәсіби бағдар беру жұмыстарының әдістемесі: диспут, ойындар, пікір-талас, т.б.

 

2019-2020 оқу жылында Кеңащы орта мектебінде кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша келесідей жұмыстар атқарылды. 1 мұғалім Көкшетау қаласында «Кәсіби бағдар беру» тақырыбында курстан өтіп келді. Кәсіби бағдар беру жұмысы жылдың басында бекітілген жоспар бойынша жыл бойы жүргізіледі. Оған мектептегі 4,9,10-сыныптардың оқушыларымен жүйелі түрде сұхбатттар, сынып сағаттары, диспут, сауалнама түрінде әртүрлі жұмыстар атқарылуда. Ауылдан шыққан атақты тұлғалармен кесдесу кештері өткізілді. Ақын, жазушы, драматург, Біржан сал ауданының құрметті азаматы Баянғали Әлімжановтың шығармашылығы бойынша «Баянғали оқулары» байқауы, аудан орталығында әдебиетке бейімі бар оқушылармен кездесу кеші өтті. Ал әнші, актер, қазіргі таңдағы парламент депутаты Нұрлан Әлімжановпен Кеңащы орта мектебінде ашық алаңда сыр-сұхбат ұйымдастырылды. Сонымен қатар әртүлі оқу орындары өкілдерімен мамандық таңдау, қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтар тақырыбында кездесулер өтіп тұрады. Қазіргі таңда елде орнаған төтенше жағдайға байланысты осындай кәсіби бағдар беру жұмыстары онлайн түрде өтуде. Кеңащы орта мектебінің мектеп сайтында 9, 10 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар туралы ақпараттар жарияланды. «Түлектер» бөліміндегі «Жоғары оқу орындары, колледждер» тарауына еліміздегі түрлі колледждер мен университеттер жайлы ақпараттар, видеороликтер, колледж, ЖОО парақшалары салынып жарияланды. Атап айтсақ, Көкшетау қаласындағы Жоғары гуманитарлық колледжі, А.Мырзахметов атындағы университететі туралы бейнероликтер салынып, ата- аналардың да чаттарына жіберілді. Ал мектеп психологы Бермагамбетова Динара Бауыржановна мектеп түлектерімен әртүрлі тренингтер мен сауалнамалар алуда. Мектебімізде өткізілген кәсіби бағдар беру жұмысы өт нәтижетін беруде.  Бұл жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады.

 

 

 

 

 

Мектеп директоры:                     Садуова Г.С.

Просмотров: 95


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст