«Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Кеңащы аулының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кенащи отдела образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектебімізде өткен соңғы қоңырау рәсіміне аудан әкімі мен ауданның білім бөлімінің басшысы қатысты

03.06.2024

«Мектебім, саған мың алғыс!» атты тақырыпта соңғы қоңырау рәсіміне арналған салтантты жиын өтті. Салтанатты жиынның құрметті қонағы ретінде Біржан сал ауданының әкімі Есжанов Достанбек Берікұлы, Біржан сал ауданы білім бөлімінің басшысы Ақшалова Ақкенже Төлеубайқызы, Кеңащы ауылының әкімі Бермағамбетов Самат Қайырбекұлы, ауылдың қоғамдық кеңесінің төрағасы Бекболатов Аманжол Қамысбайұлы, ардагер ұстаз Маймакова Қарлығаш Қабиболлақызы қатысты.
Салтанатты жиында алғашқы сөз тізгінін мектеп директоры Г.С.Садуова алып оқу жылын қорытындылап, 9,11-сыныптардың түлектерін алғыс хатпен марапаттап, құттықтау сөз сөйледі. Содан кейін аудан әкімі Есжанов Достанбек Берікұлы сөз алып, Кеңащы ауылының қасиетті жер екенін, осы елден шыққан қос елдің қоғам қайраткері атанған Баянғали Әлімжанов, кино-актер, тележүргізуші Нұрлан Әлімжанов, актер Жұмабаев Ақберген, облыс көлемінде танымал ағайынды волейболшылар Болат, Мұрат Садвакасовтар т.б. беделді тұлғаларға тоқталды, Бұған қоса ауылдың қара шаңырағына айналған оқу ордасы «Кеңащы а.ЖОББМ» КММ-не күрделі жөндеу жұмыстары басталып, қуанышты жаңалыққа толы жыл болып жатқанын атап өтті. Сөз соңында түлектерге ақ жол тіледі. Шара барысында түлектеріміз аяулы ұстаздарына арнап ән, жыр жолдарын арнады және мектептегі соңғы мектеп вальсін билеп қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Түлектерден кейін 9,11-сыныптардың сынып жетекшілері құттықтау сөз сөйледі. Түлектерге мен ұстаздарға және қонақтар алғыс білдіру үшін барша ата-аналар атынан Нұргүл Исақызы сөз алып, ыстық ықыласын білдірсе, түлектерге ауылымыздың ақсақалы Амантай Қамысбайұлы атамыз ақ батасын берді. Соңғы қоңырау мерекесінің ерекше рәсімі-қоңырау соғу құрметі 11-сынып оқушысы Қуанышұлы Әбілмансұр мен 9-сынып оқушысы Альжанова Аидаға бұйырды. Шара соңында түлектердің апа-әжелері шашу шашып, түлектер құрметті қонақтармен естелік суретке түсіп, әсерлі көңіл-күйде салтанатты жиынымыз мәресіне жетті.
#Бір_тұтастәрбие
#соңғықоңырау
@birzhansal_audanynyn_akimdigi
@birzhan_sal_bilim_bolimi

Просмотров: 2219


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст