Текст
«Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаменті» мемелекеттік мекемесінің 11.11.2020 жылғы №30-30-1-23/830 хатына сәйкес және Біржан сал ауданы білім бөлімінің 13.11.2020 жылғы №06-05/97 бұйырығы негізінде Кеңащы орта мектебінде «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты акциясы өтті. Оған мектеп ұстаздары, ата-аналар, оқушылар ат салысты. Мектептің 2-11-сыныптары арасында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты сынып сағаттары, мектеп психологы Бермагамбетова Динара Бауыржановна 6-сынып оқушыларымен "Отбасындағы ата-ананың рөлі" атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. Сонымен қатар сынып жетекшілер ауылда рейдтер жасады. Барлық атқарылған жұмыстар әлеуметтік желілерде жарияланды.